Jas ǵalym

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Jas ǵalym» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланды. Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 12 қыркүйектен 7 қазан аралығында келесі бағыттар бойынша өтті:

• Ақпараттық технологиялар (IT);

• Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;

• Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;

• Туризм.

• Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы әзірлемелер.

Конкурсқа қатысу үшін 27 өтінім келіп түсті. Оның ішінде формальды белгілер бойынша 26 жоба іріктелді. 2023 жылғы 17 қазан айында жобаларды қорғау отырысы өтті.

Комиссия құрамына университеттің жетекші ғалымдары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП және ЖАО өкілдері кірді. Комиссия алдында жоба презентацияларын тыңдау және олардың ішінен конкурстың бекітілген Ережесінің талаптарына сәйкес келетін үздіктерді анықтау міндеті тұрды.