Кеш

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Бір үйдің баласындай» атты кеш өтті. Шараны Жастар орталығы «Айналайын қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының» бүлдіршіндеріне арнайы ұйымдастырды. Кеште орталық балаларына белсенді студенттер мен еріктілер тобы концерттік бағдарлама ұсынды. Түрлі ойындар ойнатылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар бүлдіршіндерге сыйлықтар да табысталды. Мұндай шаралар өз кезегінде жастарды мейірімділікке, қамқорлыққа баулиды.