Ғылыми іс-сапар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша орындалып жатқан «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша ғылыми қызметкер Н.Мырзабек 16-23 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласына іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында «Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде», «Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында» және «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі», осы музейдің филиалы «Ақмешіт» тарихи музейінде Ілиястың журналистігі бағытында зерттеу жұмыстарын жасады. «Қызылорда облысының мемлекеттік архивіндегі» №4 тізбе (опись) құжаттары бойынша мәліметтер жинақтады.

«Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасының» сирек қолжазбалар қорындағы І. Жансүгіровтің «Еңбекші қазақ» газетінің 1930 жылғы 17 ақпандағы санында жарық көрген «Жікке жол жоқ» атты төте жазудағы мақаласы кирилл таңбасына түсірілді.

Зерттеу нәтижелері ғылыми мақала түрінде халықаралық конференция жинағында және Жетісу университетінің хабаршысына жарияланды.