Jas ǵalym-2024

2023 жылдың 27 қазанында «Jas ǵalym» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарының марапаттауы өтті. Байқау жеңімпаздарын І. Жансүгіров атындағы  Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор  Баймырзаев Қуат Маратұлы құттықтады.

Байқауға 27 өтінім қабылданды, формалды белгілер бойынша 1 өтінім қайтарылды, қорғау үшін 26 өтінім іріктеліп, оның ішінде 9 жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асыру мерзімімен жалпы сомасы 15 млн теңге болатын мынадай жобалар мен қаржыландыру сомалары мақұлданды:

1. «Жетісу университетіне виртуалды 3D саяхат» жоба жетекшісі. Оразбаева А. А, жоба орындаушылары В. А. Пухов, А. Великов, қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге;

2. «Пластикті қайта өңдеу» жоба жетекшісі Бутобаева А. А., жоба орындаушылары Бектыбаева А.Б., Жұмабек А., Шәкәрім Ә.Б. қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге;

3. «Пилотсыз дронның көмегімен жерді қашықтықтан зондтау және жерді 3Д визуализациялау» жоба жетекшісі ТуктубаевБ.Б., жоба орындаушылары Қамбарова А., Байбекова Қ.Ә., қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге;

4. «Деңгейлік онлайн платформа арқылы шетел тілінде тыңдалым және  айтылым дағдыларын қалыптастыру» жоба жетекшісі Дүйсебаева С. Б., жоба орындаушылары Абдуалиева Р. Е., Доскелдина А. С., қаржыландыру сомасы: 1 300 000 теңге;

5. «Жетісу өңірінің жергілікті отбасыларында дәстүрлі әдіспен ашытылған Айраннан сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу және сипаттамасын анықтау» жобасының жетекшісі Жадыра С., жобаның орындаушылары Сыдықанова М. А., Мұратбекова А. Е., қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге;

6. «Білім беру робототехникасы» жоба жетекшісі Мұхашева М. Б., жобаның орындаушылары Серікбек С., Тоқтасынова Б. С., қаржыландыру сомасы: 1 400 000 теңге;

7. «Namys-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі онлайн платформа» жоба жетекшісі Тлеубаев А. Б., жоба орындаушылары Әуелбек М. А.,. Югай В. Н, Ишмұқанбетов Д. С., қаржыландыру сомасы: 1 600 000 теңге;

8. ««Yngai» өзіңе қайта сен» жоба жетекшісі Бекежанов Д. Н., жобаның орындаушылары Омархан М. Ж., Байбол Ж. Е., қаржыландыру сомасы: 1 500 000 теңге;

9. «Sweet Rainbow-антиоксиданттары бар жүгері» жоба жетекшісі Рахым А. А., жобаның орындаушылары Жидебай Ж. Қ.. қаржыландыру сомасы: 1 200 000 теңге.