«РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ЕГЕМЕНДІК МАҢЫЗЫ» АТТЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

2023 жылдың 23 қазанында 12:20-да І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының «Тарих» мамандығының 2-курс білімгерлері мен топ кураторы Б.Т. Калиева 25 қазан ҚР Егемендік күніне орай «Республика күні: егемендік маңызы» атты кураторлық жоспар негізінде «ашық кураторлық» сағат өткізілді.

Ашық кураторлық сабақ барысында ҚР Егемендік күніне қатысты тарихи фактілермен танысып, білімгерлерге сұрақ-жауап, миға шабуыл форматтарында өтіліп, жан-жақты талқыланды.

Білімгерлерге тақырып аясында сұрақтар қойылып, талқыланып, қорытынды ой айтылды.