Erasmus+

Жетісу университетінде Эразмус+ үйлестірушісі Лаура Палуанова қонақта болды. Келудегі басты мақсаты Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің педагогикалық оқытушы құрамына «Жоғары білімді реформалау бағдарламасының мүмкіндіктері туралы» ақпараттық сессия өткізіп, қазіргі Қазақстандағы жоғары оқу орындарында «Жан Монне» және «Эразмус Мундустың бірлескен магистратура бағдарламалары» сияқты құрамдас бөліктермен таныстырды. Сондай-ақ, қонағымыз университет басшылығы, Басқарма төрағасы – ректор, г.ғ.д., профессор Қ.Баймырзаев және Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор А. Бахтауловамен кездесті.