Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Заманауи ғылым, білім және технологиялар»
2023 жылдың 20 қазанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Заманауи ғылым, білім және технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына Қазақстанның жоғары оқу орындарының және бүкіл әлемнің ғалымдары қатысты.
Конференцияның ашылуында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, география ғылымдарының докторы, профессор, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының академигі Баймырзаев Қуат Маратұлы алғы сөзін сөйледі.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде 5 баяндама тыңдалып, талқыланды.
1. Бабаев Доолотбай – п.ғ.д., профессор, Білім берудегі заманауи ақпараттық технологиялар институты (Қырғыз Республикасы)
Тақырыбы: «Экологическое образование студентов колледжа в процессе преподавания естественно-научных дисциплин»
2. Шадиев Рустам Назрикулович – профессор, Чжэцзян Университеті (Қытай Халық Республикасы)
Тақырыбы: «Facilitating authenticity, multilingual communication and immersive learning experiences with advanced technologies in cross-cultural telecollaborative projects»
3. Онгарбаева Алия Дуйсенгалиевна – п.ғ.к., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан Республикасы)
Тақырыбы: «Білім беруде толықтырғыштың шынайылық технологиясы қолдан жасалған үміттер»
4. Лунева Елена Викторовна – з.ғ.к., доцент, Қазан (Еділ) Федералды университеті (Ресей Федерациясы)
Тақырыбы: «Геопарки ЮНЕСКО: развитие национального законодательства Российской Федерации и Республики Казахстан»
5. Чингаева Бахтыгуль Кененсарыевна – з.ғ.к., оқытушы-лектор, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Қазақстан Республикасы)
Тақырыбы: «Проблемы и перспективы развития института медиации»
Конференция жұмысы 5 бағыт бойынша өтті:
1. Гуманитарлық білім беруді дамыту үрдістері мен басымдықтары
2. Жаратылыстану-ғылыми білім беру: өзекті мәселелер мен даму тенденциялары
3. Қазіргі кездегі құқық және экономика: ұлттық, аймақтық және халықаралық өлшем
4. Қазіргі білім беру жүйесінің тәрбиесі мен практикасы
5. Қоршаған ортаны қорғау және техникалық ғылымдарды жаңғыртудың өзекті аспектілері
Секциялық отырыстарда 40-тан астам адам баяндама жасады.
Редакцияға 90-нан астам ғылыми мақала түсті. Конференцияға қатысушылардың ғылыми мақалалары «Заманауи ғылым, білім және технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағында жарияланады.