Семинар-тренинг

Жетісу облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі бірлесе отырып, «Көпшілік алдында сөз сөйлеу: көркем сөйлеу, сөз әдебі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат тіл саясатын сапалы жүзеге асыра отырып, жастар арасында сауатты және әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Жиынға белгілі ғалым, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ахметтану бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құралай Күдеринова, танымал журналист, тележүргізуші Мөлдір Доспаева мен облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев қатысты.

Кездесуде сөз тізгінін алған спикерлер тіл тазалығы, көркем сөйлеу тәсілдері мен көпшілік алдында сөйлеудің маңызы жайлы құнды пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, сөйлеу әрекетінде жиі кездесіп жататын қателіктер жайлы да айтып өтті. Әсіресе, сөздерді орынды қолдануға қатысты көрсетілген әдіс-тәселдер ерекше маңызға ие болды.

Көтерілген мәселелер мен ақпаратқа қатысты білімгерлер  толғандырған түрлі сауалдарын ортаға салып, мазмұнды жауап алды.