«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ашылуы мен даму тарихына 45 жыл

2023 жыл 3 қарашада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  Педагогика және психология жоғары мектебі «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ашылуы мен даму тарихының 45 жылдығына арналған  «Ғасырлар тоғысындағы мамандар жетістігі»  атты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі білім беру және тәрбие жүйесіндегі жұмыс тәжірибелерін жинақтау, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру және мектепке дейінгі мекеме педагогының кәсіби-құндылық қасиеттерін дамыту мақсатында  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1983-2023 жылғы түлектері, қазіргі таңда білікті мамандар, жоғары оқу орындары ғалым ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылып студенттер, магистранттар, докторанттар, профессор оқытушы құрамымен тәжірибе алмасты.