Ғылыми-тәжірибелік семинар

Педагогика және психология жоғары мектебінің семинар жоспарын жүзеге асыру аясында магистранттар мен докторанттарға «Талдықорған қаласында инновациялық және оңалту иппотерапия қызметін енгізу мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Бейсембаева Маржан Сабыржанқызы өз сөзінде иппотерапия әдісі туралы айта отырып, оның адам ағзасына психологиялық және физикалық әсерін атап өтті. Семинар барысында Маржанның практикалық жұмысынан бейнероликтер көрсетіліп, оңалту орталығының құжаттарын толтыру мәселелері талқыланды. Семинар соңында ғылыми кеңесші, п.ғ.д. Әбішев Нұрлан Ақашұлы иппотерапия әдісін Талдықорған қаласына енгізу бойынша бірнеше ұсыныстар берді. Философия ғылымдарының докторы (PhD) Майлыбаева Гүлмира Сабырқызы қатысушыларға ғылыми қызметте жемісті еңбек тіледі.