Семинар

14.11.2023 ж. «Педагогика және психология» БББ жетекшісі, философия докторы (PhD) Бибигуль Жексембаевна Альмухамбетова «Эмоциялық интеллект» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинардың мақсаты адамдардың эмоция табиғатын түсіну және эмоциялық өзара әрекеттесуді дамыту негізінде адамның әлемге деген сенімді және шынайы қатынасын қалыптастыру. Тренингтің міндеті-жеке тұлғаның отбасы мен ұжымдағы қарым-қатынасын үйлестіру; тұлғаның мәдениетаралық диалог пен өзара әрекеттесу қабілеттерін дамыту; көсшбасшылық қасиеттерді дамыту; адамгершілік сезімдерді дамыту; әлемге оң көзқарасты қалыптастыру.