Халықаралық форум

26-27 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен «Science Talks- Жас ғалымдардың диалогы» атты ІІІ – Халықаралық форум өтті. Форумның мақсаты: жас ғалымдар мен жас зерттеушілердің шығармашылық белсенділігі мен ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, оларды қазіргі ғылымның өзекті міндеттерін шешуге тарту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен ел экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына жәрдемдесу.

Жетісу университетінен техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері, биология ғылымдарының кандидаты А.С Акмуллаеваның жетекшілігімен Агрономия мамандығының 1-3 курс студенттері Арынова М.А., Төребек Д.Қ., Жидебай Ж.Қ. қатысты. Халықаралық форум өте жоғары деңгейде өтті, студенттер өздеріне  тәжірибе жинады. Нәтижесінде Арынова Малика ІІІ – орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Төребек Диас пен Жидебай Жақсылық сертификат алды.