Ашық есік күні

2023 жылғы 15 қараша күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Педагогика және психология» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен  Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні мектеп оқушыларын қарсы алу, тіркеу, буклеттер таратудан басталды. Ашылу салтанатында «Педагогика және психология» жоғары мектебінің деканы Хаймулданов Ерлан Сейілханұлы қонақтарға алғысын білдіріп, оқушыларды оқуға шақырды. Шараға 100-ден аса болашақ жас білімгер қатысты. Мақсаты: қатысушыларды университет жүйесімен, Педагогика және психология жоғары мектебінің базасымен кеңінен таныстыру, білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат беру.

Оқушыларды жоғары мектеп студенттері өз мамандықтарымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылардың білімін тексеру, қызығушылығын ояту мақсатында викторина өткізіліп, университет логосы бейнеленген сыйлықтар берілді. Педагогика және психология жоғары мектебінің зертханаларын, университеттің ғылыми зертханаларын, кітапхана және стартап орталығын көріп қайтты. Оқушылар кездесуде мамандық таңдау, оқуға түсу және Жетісу университетінде білім алудың басымдықтары бойынша бірқатар сұрақтар қойды. Сауалдарға жоғары мектеп қызметкерлері  жауап берді.