Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі Орыс тілі мен әдебиеті ББ бастамасымен 14 қараша 2023 жылы Жетісу облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Мұғалімнің практикалық қызметі» атты семинар өткізді. Мақсаты: 2024 жылғы 8 қаңтарда басталатын педагогикалық іс-тәжірибеге өтуге дайындық кезінде «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» ББ 3 және 4 курс студенттеріне әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар аясында «Мұғалімнің практикалық іс-әрекеті: нормативтік құжаттар, жоспарлау түрлері, бағалау жүйесі» атты практикум, «Сабақты тиімді жоспарлау: ОМ-ға сәйкес тапсырмаларды әзірлеу» тренингі және «Сабақта өзін-өзі бағалау интроспекция дағдыларын дамыту факторы ретінде» тақырыбында шебер-класс өтті.
Семинарға қала және облыс мектептерінен тәжірибелі мұғалімдері қатысты: Филимонова Е.Р., Талдықорған қаласындағы «№12 орта мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер , Банецкая Н.Н., Текелі қ. «№ 4 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, Комова И.В., «Көксу ауданы Б.Құндақбаева атындағы №1 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Мұғалімдер жинақтаған тәжірибесімен жомарттықпен бөлісіп, студенттерді әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз етті.
Орыс тілі мен әдебиеті ББ, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканаты Жетісу облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Мухметова Ғалия Жолтайқызына, – оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Торпақова Арай Әмірбекқызына, Филимонова Елена Руслановнаға, Банецкая Наталья Николаевнаға, Комова Ирина Викторовнаға оқыту семинарын ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысын білдіреді.