Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау
Жетісу облысы әділет департаментінің қызметкері құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесу өткізді. Шарада құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі Д.Н. Бекежанов пен Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Е.Н.Аубакиров баяндама жасады. Кездесудің мақсаты өнеркәсіптік меншік объектілерінің және сабақтас құқықтар туындыларының, интегралдық микросхемалар топологиясының, селекциялық жетістіктердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, контрафактілік өндірістерді анықтау мақсатында тексеру жүргізу, ұжымдық мүліктік құқық негізінде басқарылатын ұйымдардың қызметіне бақылау, жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау тетігін меңгеру болып табылады. Кездесу соңында мамандар студенттер сұрақтарына жауап берді.