ВОЛЕЙБОЛДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық студенттік лигасына іріктеу үшін қыздар арасында волейболдан сайыс өтті. Жарысқа жоғары мектептер мен Жансүгіров колледжінің білімгерлері жалпы саны 6 құрам қатысты.

Тартысты додада Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің командасы ерекше ойын өрнегін көрсете білді. Іріктеу кезеңінен біздің волейболшылар тайсалмай өтіп, плей-офф сатысына жолдама алды. Финал үшін болған бәсекеде Техникалық ғылымдар жоғары мектебін 2:0 есебімен тізе бүктіріп, ақтық мәреге өтті.

Финалдық кездесу Педагогика және психология жоғары мектебімен болды. Біздің арулар мінез көрсетіп, 3-партияға жалғасқан қызу ойында жеңіске жетті. Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда чемпион атанды. Үлкен және айтулы жеңіс құтты болсын!