Жетісу өңірінің жергілікті отбасыларында дәстүрлі әдіспен ашытылған Айраннан сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу және сипаттамасын анықтау

Жетісу өңірінің тіршілігі ауылшаруашылығымен тіке байланысты. Жергілікі тұрғындарда сүтті дәстүрлі жолмен ашытып пайдаланудың ұзақ уақыттық дәстүрі сақталған. Айран Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі сусыны. Жетісу өңірінің жергілікті отбасылырында дәстүрлі жолмен ашытылған Айранның микробтық құрылымы әлі толық зерттелмеген. Сүт қышқылды бактериялар табиғи жолмен ашытылған сүт өнімдеріндегі маңызды орында тұратын ашытқы ретінде танымал. Сүт қышқылды бактериялардың жергілікті штаммдарын алу, осы аталған дәстүрлі сүт өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруда маңызы зор. Сонымен қатар жобаның негізгі жаңалығы Жетісу өңірінде алғаш рет дәстүрлі сүт өнімдерінен бөлініп алынған сүт қышқылды бактериялардың ресурстық қорын қалыптастыруға негіз қалау.

Жобаның мақсаты: Осы жоба аясында Жетісу облысының бірнеше аудандарында тұратын жергілікті отбасылардан жинап алынған Айран сынамаларынан сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу, дәстүрлі және молекулярлық генетика әдістерін қолданып идентификация жасау жұмыстарын жүргізу.

           Күтілетін нәтижелер:

1.      сүт қышқылды бактериялардың кемінде 2 түріне жататын 10  штамм алу;

2.      алынған нәтижелер негізінде КОКСНВО базасында бір ғылыми мақала жариялау.

Жобаның жетекшісі: Жадыра Сағыман 

Жоба орындаушылары: Сыдыканова Маржан, Муратбекова Аяулым

Жоба жетекшісі мен орындаушылардың Ғылыми тағылымдамалар және біліктілікті арттырулары:

Жоба жетекшісі: Жадыра Сағыман. Биоинженерия бойынша философия докторы. 2023 жылдан 1 шілдеден бастап І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті биотехнология зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1 жарияланым – Web of Science және Scopus, КОКСОН –1, 2 ғылыми жұмыс халықаралық конференцияларда жарияланған. https://orcid.org/0000-0002-9890-6075 

Зерттеу тобының мүшелері:

Сыдыканова Маржан Алмасқызы, педагогика ғылымдарының магистрі.  2022 жылдан бастап

 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің БиЭҒЗИ биотехнология зертханасының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді.

8 ғылыми мақалалардың авторы. Оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК деректер базасына кіретін – 1, РИНЦ деректер базасына кіретін – 1, Республикалық ғылыми конференциялар – 1, Халықаралық ғылыми конференциялар – 4.

Муратбекова Аяулым Ержановна, жаратылыстану ғылымдарының магистрі. 2023 жылдан бастап

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің БиЭҒЗИ биотехнология зертханасының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді.

4 ғылыми мақалалардың авторы. Оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК деректер базасына кіретін- 1, халықаралық ғылыми конференциялар-3. (https://orcid.org/0009-0003-3102-6094)

Республикалық НИРС байқауы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі диплом иегері.