6В01601- «ТАРИХ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІЛІМГЕРЛЕРІ ОҚУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІНЕН ӨТТІ

Биылғы 2023-2024 оқу жылының 06.11.-18.11. күндері аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әлеуметтік-гуманиарлық бағыт бойынша ББ 6В01601- «Тарих» білім беру бағдарламасының  2 курс білімгерлері оқу жоспарына сәйкес «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен М.Тынышбаев атындағы «Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінде» оқу іс-тәжірибесінен өтті. Іс-тәжірибе барысында білімгерлер архив және музей құрылымымен, ондағы бөлімдердің мазмұнымен, архив қорларының сақталу ережелерімен, музей экспонаттарынан экспозиция ұйымдастырудың шарттарымен терең танысты. Жалпы білімгерлер оқу іс-тәжірибесінен үлкен біліммен қайтты. 24 қараша күні қорытынды конференцияда білімгерлер есеп беріп, музей, архив қорларындағы жұмыстары жайлы мағлұмат берді.