NAMYS-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі онлайн платформа

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықбұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңында көзделген ісәрекет, сондайақ сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлық үшін заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын өзге де заңсыз ісәрекеттер. Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін ел қауіпсіздігіне жүйелі қатер төндіреді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын болмауы керек. Бұл құбылысқа қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, оны тоқтатудың барлық тәсілдерін қолдану арқылы ғана тиімді қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы ретінде қарастырылуы тиіс және сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін оның алдын алу мақсатында біз Namys онлайн платформасы жобасын құрамыз.

Жобаның мақсаты-білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу, білім беру мекемелерімен жұмыс жасау арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. Университеттің құрылымдық бөлімшелері (жобалық кеңсесі, комплаенс-қызметі) базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу және білім алушыларда, оқытушылар мен қызметкерлерде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс көзқарасты, нөлдік төзімділікті қалыптастыру.

Namys тапсырмалары:

-онлайн платформа құру және оны сүйемелдеу (WEB-сайт)

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

-білім беру ұйымдарының ашықтығы

-академиялық адалдық;

-білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

-ақпараттық қолдау

кері байланыс алу

Өзектілігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда Namys онлайн платформасын енгізу халықтың жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа деген сенімін арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның түрлі халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін жақсартуға әкеледі.

Namys артықшылықтары:

— Қазақстан бойынша бірыңғай база

— ыңғайлы өтініш беру және жұмыс процесін қадағалау және хабарлау

— сайтта барлық заңды және жеке тұлғалар бар

— құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық

— кері байланыс

— заттай дәлелдемелер жіберу

Күтілетін нәтижелер

1) онлайн платформа құру және оны сүйемелдеу (web-сайт)

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді, студенттерді, магистранттарды, ізденушілерді, докторанттарды, тәжірибешілерді және басқа да еріктілерді тарту;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда пайдаланылатын нақты технологияларды (әдістерді, құралдар мен тәсілдерді) әзірлеу;

4) әлеуметтанулық сауалнамалар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізу;

5) ақпараттық қолдау

6) кері байланыс

Халықаралық рубрикатор коды

10.71.01

           Зерттеу түрі- Қолданбалы зерттеу

Сұратылатын қаржыландыру сомасы (жобаны орындау мерзіміне сәйкес, мың     теңгемен).

Жобаның жалпы құны 1 600 000 теңгені құрайды

Жобаның басталуы мен аяқталуының болжамды мерзімдері

01.01.2024-30.12.2024 гг.

Жобаның ғылыми жетекшісі туралы дербес деректер (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс/оқу орны, мекенжайы, ЖСН, Байланыс телефондары (телефон, e-mail) және өзі қатысқан жобалар туралы мәліметтер

Тлеубаев Азамат Болатович – заң ғылымдарының магистрі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің комплаенс-офицері. Тел: 87074798316

Жоба орындаушылары:

Ауелбек Мурат Ауелбекұлы- «Физика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша үйлестірушісі. Тел: 87714677700
Ишмұқанбетов Диас Жанатұлы-І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық және экономика жоғары мектебінің Құқықтану мамандығының 3 курс білімгері.

Югай Виталий Николаевич- І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің Ақпараттық технологиялар мамандығының 3 курс білімгері, Frontend әзірлеуші.