24 қараша күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Бір үйдің баласындай» атты кеш өтті. ЖҚ-211 топтың ұйымдастыруымен өткен бұл шараға Журналистика және ақпарат ББ студенттері мен оқытушылары қатысты.
1 курс білімгерлерін қатарға қосып, жақын танысу мақсатында өткен концерттік бағдарлама болашақ журналистердің ашық-жарқын мінезін, достық қарым-қатынасын көрсете білді.
Талантты жастар сахнада ән салып, би билеп, көрермен көңілін көтерді. Жарқын жандарды жақындастыратын жоспарда әлі талай кештер бар.
Каримова. Б. Ж., Журналистика және ақпарат ББ оқытушы-дәріскері, PhD