Семинар

«Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қазақтың ұлттық құндылықтары негізінде қалыптастыру» тақырыбындағы ынталы жоба жетекшісі педагогика және психология білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, педагогика ғылымдарының кандидаты Жадра Рахимбековна Жексембаева ғылыми семинар өткізді. Оған педагогика және психология жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы, студент, магистрант, докторанттар қатысты. Ғылыми семинар өз мақсатына жетті.