Бүгін Жетісу Университетінің бас ғимаратында орналасқан 204-аудиторияда ЖҚ-411, ЖҚ-412 топтарда Ілескен Әлбатырұлының жетекшілігімен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсат – алда келе жатқан емтиханға байланысты білімгерлердің саяси сауатын арттырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Сонымен қатар олардың емтихан алдындағы жауапкершілігін арттырып, білімгерлерге емтиханалды түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сессия барысында ешқандай мәселе туындатпай, академиялық адалдық қағидаларын ұстану қажеттілігі ескертілді.