«Таза сессия» акциясы

Алдағы қысқы сессия аясында жаратылыстану жоғары мектебінің деканы И.  Есенғабылов «Таза сессия» тақырыбында түсіндірме әңгіме өткізді. «Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты әділ емтихандар өткізуге жәрдемдесу болып табылады. Акция білім беру ортасында академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын сақтауға, сондай-ақ студенттердің этикалық принциптері мен құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.