«БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК»

05 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне арналған «Болашақ педагогтардың кәсіби қызметіндегі қолданылатын құжаттарға әдістемелік көмек» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Талдықорған қаласы, №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиетт қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 23 жылдық еңбек өтілі бар, зерттеуші санатындағы, магистр  Бейсенбі Сәуле Төлендіқызы өткізді.  Семинардың соңында студенттер тарапынан спикерге бірнеше сұрақтар қойылып, қажетті ақпараттарды ала алды. Семинар қызықты әрі қажетті болды.