І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімі «Университеттің жұмыс берушілермен коллаборациясы — бәсекеге қабілетті түлектерді сапалы даярлаудың шарты» тақырыбында мастермайнд өткізді.
Мақсаты: университет пен жұмыс берушілердің өзара байланысын нығайту, бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау, түлектердің кәсіби құзыретін қалыптастыруда кездесетін проблемаларды анықтау және талдау.
Іс-шараға аймақтық мекеме басшылары, колледж және мектеп директорлары, бөлім бастықтары қатысты.
Мастермайндта жоғары мектептер жұмыс берушілермен бірлесіп оқытатын білім беру бағдарламаларының тиімділігі мен филиал жұмысының нәтижесін көрсетті. Сондай-ақ жиынға қатысушылар түлектерді жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелерін талқылады. Жұмыс берушілер тарапынан ұтымды ұсыныстар айтылды.
Мастермайнд қорытындысында «Түлектерді жұмыспен қамтуды үйлестіру-талдау орталығын құру туралы» үшжақты консорциалды — ынтымақтастық келісімге қол қойылды.