2023 жылдың 6 желтоқсан күні Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық – ардың ісі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша Превенция басқармасының бас маманы Кунбосынов Олжас Әмірұлы қонаққа келді. Іс-шарада «Журналистика», «Тарих», «Шетел тілі:екі шетел тілі» бағдарламаларының 1 курс студенттері баяндама оқыды. Баяндамаларда адалдық, адамгершілік, парасаттылық сияқты адам бойындағы игі қасиеттер туралы және сыбайлас жем қорлыққа қарсы отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы, сондай-ақ студенттердің сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарын қабылдамау туралы айтылды.