Ашық есік күні

8 қараша күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде Талдықорған қаласының жалпы білім беру ұйымдарын аяқтаушы түлектерге «ашық есік күні» өткізілді. Шараға 50-ге жуық  болашақ жас білімгер қатысты. Ашық есік күніне қатысушылар жоғары мектептің жүйесімен кеңінен танысып қана қоймай білім беру бағдарламалары, жоғары мектептің ерекшеліктері, жастарға арналған мүмкіндіктер жайында анықтама алды. Сондай-ақ оқушылар жаттығу мен бокс залы, әскери кафедра, университет бассейні және арнайы оқу залдарында болды.

Жиынға қатысушылар университет оқытушылары және қызметкерлерімен тілдесіп, білім алуға және оқуға қабылдауға байланысты өз сұрақтарын қойды. Жалпы, ашық есік күніне қатысу арқылы оқушылар жоғары мектептің ішкі базасымен толықтай танысып, жаңа көзқарас қалыптастырды. Бұл жастардың Жетісу университетінің білімгері болып,  үздіктер қатарын толықтыруға мүмкіндік береді.