«ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚ МАҚСАТЫНА САЙ ТАПСЫРМАЛАР ҚҰРАСТЫРУ»

06 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне арналған «Орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ мақсатына сай тапсырмалар құрастыру» тақырыбында шебер сынып өтті. Шебер сыныпты Талдықорған қаласы, №29 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Сулейменова Гульмира Саятовна, Ескермесқызы Айзат және Акчолакова Динара Манаповна жүргізді.  Шебер сынып соңында  студенттер тарапынан спикерлерге бірнеше сұрақтар қойылып, қажетті ақпараттарды ала алды. Шебер сынып студенттер үшін қызықты әрі қажетті болды.