МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ЕСЕБІ

2023 жылдың 23 қазаны мен 18 қарашасы аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «7M01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары педагогикалық практикадан өтті. Педагогикалық практика барысында магистранттар білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушы құрамының сабақтарына қатысып тәжірибе алмасты және де осы аралықта бакалавриат білімгерлеріне дәріс оқып, практикалық сабақтарын жүргізді. Әр магистрант ашық сабақтар ұйымдастырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Іс-тәжірибе нәтижесінде магистранттар М. Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қорытындылай келе, практика өз деңгейінде өтті және есеп берілді.