«Тарих»  білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада

2023 жылдың 28 қарашасында 15:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының 6В01601-«Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлері  арасында  ««Тарих»  білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» өтілді. Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

І – Тест (40 сұрақ). Білімгерлер ежелгіден бастап, қазіргі заманға дейінгі барлық  кезеңдер бойынша жасалған сұрақтарға жауап берді.

ІІ – Презентация қорғау. Әр топ білімгерлерері өздерінің топтарының аттарын, ұрандары айтып, еркін тақырып негізінде презентацияларын қорғады.

ІІІ – Брейн-ринг. Барлығы 6-топ қатысып, оларға «Тарих» пәні негізінде сұрақ, бейнесұрақтар қойылып жауап берді.

Олимпиаданың нәтижесінде ІІІ кезең бойынша жалпы жиналған балдары есептеліп, білімгерлер І,ІІ,ІІІ-дәрежелі «Диплом» және қатысқандары үшін «Алғыс хаттармен» марапатталды.

  1. ««Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» нәтижесінде І-дәрежелі дипломмен «Алаш» тобы марапатталды.
  1. ««Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» нәтижесінде ІІ-дәрежелі дипломмен «Жетісу» тобы марапатталды.
  1. ««Тарих» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада» нәтижесінде ІІІ-дәрежелі дипломмен «Сардар» тобы марапатталды.

«Тарих»  білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған дәстүрлі пәндік олимпиада»  қатысқан білімгерлер «Алғыс хатпен» марапатталды.

І тур – Тест.

ІІ  тур – Презентация қорғау.