«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ»

2023 жылдың 07 желтоқсан айында «7M01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік дағдыларын дамытудың жолдары» атты тақырыпта 4 курс студенттеріне арналған әдістемелік семинар өтті. Бұл іс-шараны Оспанжан Сәулебек, Құлыбеков Айдар, Калдыбаева Жазира, Шарипкулова Камшаттың ұйымдастыруымен өз деңгейінде өтті. Ғылыми семинарға  4 курс білімгерлері қатысты. Мақсаты: білімгерлерге тиімді әдіс-тәсілдерді үйрету, іс-тәжірибеде қолдану; Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша жан-жақты ақпарат беріп,  болашақта білімгерлер тәжірибелерінде пайдалануға бағыт берді.