«Жаныңда жүр жақсы адам»

07.12.2023 жылы Жаратылыстану жоғары мектебінде «Рухани Жаңғыру» аясында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты тәрбие іс-шарасын «Биология», «Химия-Биология» білім беру бағдарламаларының білімгерлері мен жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері Т.К.Укушева, Жаратылыстану жоғары мектебінде Рухани Жаңғыру бағдарламасына жауапты А.М.Атабаева өткізді.

Кеш қатысушылары университетіміздің «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының директоры Тазабекұлы Жайық және жоғары мектеп білімгерлері болды.  Іс-шара қонағы ретінде Дәнеш Рақышев атындағы  Жетісу облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Бейбіт Мұса шақырылды.

Қазақтың дәстүрлі әндерін тыңдап өсу бір бөлек, оны көңілге құйып, жүрекпен сезініп, киелі домбыраның сүйемелдеуімен тыңдарманға жеткізе білу бөлек өнер. Әнші білімгерлерге өз өмірбаяны, алғашқы әндері, әндердің шығу тарихы жайлы сыр шертіп, дәстүрлі әндерді шырқады. Білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.  

Қазақтың ән өнерін, рухани байлығын жастарға насихаттау мақсатында өткен іс шара жоғары дәрежеде өтті. Осы жолда, бізге ақылын айтып, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеп жүрген ағаларымызға алғысымыз шексіз!