Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері БББ «Табысты педагогика: мектепке дейінгі және бастауыш білім беруде инновацияларды іске асыру практикасы» тақырыбындағы пәндік олимпиада

Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері БББ 2023 жылғы 7 желтоқсанда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01301 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бойынша «Табысты педагогика: мектепке дейінгі және бастауыш білім беруде инновацияларды іске асыру практикасы» тақырыбында пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға 1, 2, 3 курс (бакалавриат) студенттері қатысты.

Келесі командалар ұсынылды:

1.  Күнбағыс – Мдқ 311- жетекші: Г.А. Тажинова

2.  Kids symphony -Мдқ 211 – жетекші: Г.А.Тажинова

3.  Zhalyndy  Zhetisu Zhastary –БҚ 211- жетекші: К.Ж. Альменбетова

4.  Zhu light -БҚ – 311- жетекші:  А.Д. Ансабаева

5.  InZhu – БҚ – 311-  жетекші:  А.Д. Ансабаева

6.  Zhu Star – БҚ – 311-  жетекші: А.Д. Ансабаева

7.  Dream team – Бпқ -121-  жетекшілері: Б.К. Қыстаубаева, М.Б. Мухашева.

I кезең: Командалардың өзін-өзі таныстыруы: «Біз жаңа формация педагогтарымыз».

Өз сөздерінде студенттер таңдалған мамандықтың маңыздылығын, шығармашылықты, әртістікті, сөйлеу қарым-қатынас мәдениетін, командада жұмыс істей білуді көрсетті.

II кезең: Байқау. «Педагогикалық жағдайды шешу».

Студенттер рөлдік модельдеу техникасын қолдана отырып, проблема мен шешімдерді анықтады.

III кезең: Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологиялар. «Балабақшадағы, мектептегі шеберхана» – мектепте және мектепке дейінгі білім беру мекемесінде өткізілген сабақтардың үзінділерінің бейнежазбалары ұсынылды.

Қазылар алқасы инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдануды, пәндік-дамыту ортасының мүмкіндіктерін пайдалануды, коммуникативтік құзыреттіліктерді, педагогикалық мақсатты іске асыруды бағалады.

6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» БББ бойынша олимпиада нәтижелері:

1 орын –  Күнбағыс, Мдқ – 311;

2 орын –  Kids symphony, Мдқ- 211;

6В01301 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» БББ бойынша олимпиада нәтижелері:

 1 орын – Zhalyndy  Zhetisu Zhastary, БҚ-211;

 2 орын – Dream team,  Бпқ -121;

 3  орын –  Zhu light -БҚ – 311, InZhu – БҚ – 311,  Zhu Star – БҚ – 311;

Олимпиаданың барлық қатысушылары дипломдармен, алғыс хатпен марапатталды.