Дәріс

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫНЫҢ ДӘРІСТЕРІ

06.11.2023 ж. – 06.12.2023 ж. педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламаларының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), п.ғ.к. Абдыкеримова Эльмира Алтынбековна Zoom платформасында 6В01504–«Физика-Информатика» білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлеріне «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізді. Сабақтар барысында студенттер жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда информатиканы оқытудың ерекшеліктерімен, сонымен қатар оқыту әдістемесінің негізгі қағидаларымен және оқытудың инновациялық әдістерімен танысты.