КАНАДАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ

Канаданың Қазақстандағы елшісі Алан Хэмсон І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне келіп, гендерлік саясат бойынша студенттерге дәріс оқыды. Бұл кездесу жыл сайын өткізіліп тұратын «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында өтті.

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенті Жұлдыз Маманова шетелдік азаматпен сұқбаттасқан болатын. «Студия қонағы» бағдарламасында Алан Хэмсон ерлер мен әйелдердің теңдігі, әр ұлтқа тән менталитет ерекшеліктері жайлы сөз қозғап, трансұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибесімен бөлісті.

«Гендерлік зорлық-зомбылық, кемсітушілік – әлемдік мәселе. Гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтарын қорғау, жыныстық кемсітушілікке жол бермеу – өркениетті елдің ұстанымы. Дегенмен, көптеген әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды және ол туралы басқаларға айтуға ұялады немесе қорқады. Бұған жол бермеу үшін біз адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыруымыз керек», – деді Алан Хэмсон.

Кездесу соңында гендерлік теңдік бойынша кейс-чемпионат жеңімпаздарына сертификаттар табысталды.