Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттері «Газет ісі» бойынша керемет дәріс тыңдады. Болашақ журналистерге шеберлік сыныбын өткізген – осы мамандықтың майталманы, танымал журналист, «Жетісу» газетінің тілшісі Гүлжан Тұрсын.
Білімгерлер газет шығару тек тілшілердің ғана жұмысымен шектелмейтіндігіне, бір басылымның артында қаншама тұлғаның еселі еңбегі мен үлкен үлесі жатқандығына көз жеткізді.
«Негізі мен медальдарымды таққанға ыңғайсызданамын. Мақтанғандай болмайын. Осы жолы балаларға адал еңбек абыройға жеткізетінін дәлелдеу үшін тағып барған едім. Оқу-білімге құштар жастарды көріп қуанып қайттым», – деп қонағымыз өз сезімімен бөлісті.