16 ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, философия докторы (PhD), Абызова Айна Маратқызы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, белсенді білімгерлер, байқау жеңімпаздары және спартакиада жарысының жүлдегерлерімен кездесті.

Жиында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің білім, спорт, өнер саласындағы жетістіктері және алдағы мақсаттар жайлы сөз қозғалды. Кездесу барысында студенттік деканат пен ұйым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Шара барысында жуырда Жетісу университетінің жоғары мектептері арасында өткен спартакиаданың жүлдегерлері марапатталды. Сондай-ақ, белсенді білімгерлер мен жоғары мектеп ұйымдастырған «Тәуелсіздік – ұлт қазынасы» атты мақалалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі де өтті.

Байқау қорытындысы бойынша, ІІІ орынды филология мамандығының 3-курс білімгері Қазтай Ақерке, ІІ орынды филология мамандығының 3-курс білімгері Амангелдіқызы Маржан, І орынды журналистика мамандығының      3-курс білімгері Гүлнұр Ермұханқызы иеленді.

Шара соңында Айна Маратқызы қатысушыларды мерекемен құттықтап, жастар саясатын жүзеге асыруда жемісті еңбектеніп келе жатқан білімгерлерге табыс тіледі.