ЖЕҢІМПАЗ – ЖУРНАЛИСТ!

Егемендік мерекесіне орай Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік – ұлт қазынасы» атты мақалалар байқауы өз мәресіне жетті. Жүлделі 1-ші орынды қанжығасына байлаған Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламалары, ЖҚ-311 топ студенті Гүлнұр Баймухан.

Ұлттық құндылықтарды насихаттап, білімгерлердің ұлтжандылық қасиетін ояту мақсатында өткізілген бұл сайысқа қатысу арқылы жастар азаттық алу жолындағы күрестің маңыздылығына тағы бір мәрте көз жеткізді.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне философия докторы, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Абызова Айна Маратқызы қатысып, университет белсенділерін құттықтады.