«Ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» халықаралық форумы

2023 жылғы 13-14 желтоқсанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,  Орал мемлекеттік педагогикалық, Р.Гамзатов атындағы Дағыстан мемлекеттік педагогикалық, Луганск мемлекеттік педагогикалық, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеттерімен  және т.б. «Ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» халықаралық форумын өткізді. Форум онлайн режимінде өткенімен, қатысушылардың өзара ыңғайлы қарым-қатынасы қамтамасыз етілді. «Бастауыш білім берудің өзекті мәселелері» бағытының модераторы философия ғылымдарының докторы (PhD) Г.С. Майлыбаева болды.

Осы форум аясында Педагогика және психология жоғары мектебінде Гүлмира Сабырқызы Майлыбаева «Білім берудің заманауи мәселелері: жаңғырту және инновация» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Магистранттар мен докторанттар да форумда көтерілген мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсынды.

Форум мен семинардың нәтижелері өте шабыттандырды, ғылыми диалогты байытуға және білім саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етті. Біз ынтымақтастық рухын қолдаймыз және барлық қатысушыларға білім мен тәжірибе алмасу үшін осы маңызды платформаны құруға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз.