Конференция

Алматы қаласында 2023 жылдың 14-15 желтоқсан аралығында Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының 65 жылдық мерей тойына орай “Фитосанитарлық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер және шешу жолдары” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы – дәріскері б.ғ.к. Акмуллаева А.С. «Фитосанитарные меры – гарантия уражайности сельскохозяйственных культур» және «Агрономия» мамандығының 1 курс студенттері Амангельді Р.Е. «Влияние биопрепаратов на урожайность и качество овощных культур в теплицах», Арынова М.А. «Study of the effect of the inoculant heistik soy on soybean yield in the Zhetysu region» ғылыми еңбектеріне баяндама жасады. Өсімдіктерді қорғаудағы энтомология, фитопатология, гербология, биотехнология және IT технологияларын қоса алғанда фитосанитарлық қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілеріне арналған пленарлық және секциялық отырыстарында Қазақстанның және Англия, Молдова, Қытай, Пәкістан, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы сынды елдердің жетекші ғалымдарымен, мамандарымен және ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен танысуға және ынтымақтастықты одан ары тереңдетуге бірегей мүмкіндік береді. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өте жоғары деңгейде өтті, соңында қатысушылардың барлығы сертификатпен марапатталды.