Академиялық ұтқырлық

06-30.11.2023 ж. аралығында сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика ғылымдарының докторы, Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры Наталья Анатольевна Бровко Zoom платформасы арқылы «Стратегиялық басқару» пәні бойынша 6В04102 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенттеріне сабақ өткізді. Студенттер стратегияны әзірлеу, тестілеу және енгізудің ең тиімді әдістері мен құралдарымен танысты. Жүйелік, интуитивті, аналитикалық, сценарийлік және сыни ойлау элементтері пысықталды.