Біздің оқытушы-дәріскеріміз, сондай-ақ бас редактор қызметіндегі Хасан Еспанов редакцияға барған журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттерін «Вестник Жетісу» газетінің мысалында баспа журналистикасының ерекшеліктерімен таныстырды. Жастар журналистер мен дизайнерлердің қажырлы еңбегіне куә болып қайтты.
Білімгерлер облысымызда болып жатқан барлық маңызды оқиғалар көрініс табатын осы газеттің ауыр жүгін аз ғана уақыт ішінде сезіне алды. Олардың айтуынша, мұнда қоғамның ең өзекті мәселелерін көтеруге, түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге, жәрдемдесуге қабілетті журналистердің кәсіби тобы құрылған. Газет аптасына үш рет шығады. Басылымның жалпы таралымы 7 мың дана. Студенттер тамаша экскурсия үшін оқытушыларына алғыстарын білдірді.