6В02302 – «Филология» білім беру бағдарламасының ФҚ-311,ФҚ- 411 топ студенттерін  зерттеу және өндірістік практикаға бағыттау конференциясы

22 желтоқсан күні «Филология»  білім  беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне зерттеу, ал 4 курс студенттеріне өндірістік практикаға бағыттау конференциясы өтті. Конференция барысында практикант  үшін қажетті ақпараттар берілді. Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының  жетекшісі Асылова Раушан Омаровна және ББ оқытушылары студенттерге күнделікті кәсіби қызметіне қажетті білім, білік, дағдыларды өз бетімен кеңейте отырып, кәсіби этика нормаларын сақтауды, өзінің міндеттерін адал және жауапкершілікпен атқаруға ақыл-кеңестерін берді. Бастысы жауапкершілікті сезініп, берілген тапсырманы уақытылы, тыңғылықты орындауды тапсырды. Студенттер тарапынан сұрақтар, қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды.