ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры (доцент), филология ғылымдарының кандидаты Кыяхметова Шара Асетовнаны «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» байқауында жеңімпаз атануымен құттықтайды.

Байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты. Конкурста электрондық оқу ресурстарын, материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т. б. көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриат, магистратура және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі жұмысы бағаланды.

Сізді лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз!