Стипендия иегерлері

ЖУ оқытушылары  –  «Болашақ» стипендиясының иегері

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары  «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту гранттарын жеңіп алды.

Грант иегерлерінің  тізіміне математика және информатика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жомарт Жиембаев және оқытушы-ассистент, заң ғылымдарының магистрі Лаура Серікова кірді. Олар  Джордж Вашингтон американдық университетінде тағылымдамадан өтеді.

Грантты оқытушы-лектор, PhD философия докторы Райгүл Желдібаева жеңіп алды. Тағылымдама Иллинойс штатының орталығындағы Урбана мен Шампейн қалаларында орналасқан Иллинойс университетінің ең үлкен кампусында өтеді. Оқу орны 1867 жылы құрылған.

Ұлыбританияның  Рединг университетінде Қосымша білім беру бөлімінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Динара Мұхамедьярова  мен Жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша ББ басшысы, техника ғылымдарының кандидаты Меруерт Тұрлыбекова тағылымдамадан өтеді.