Арманға тағы бір қадам

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының ПОҚ 4 курс студенттеріне өндірістік практикаға қатысты бағдарлау конференциясын өткізді.

Жиын барысында болашақ мамандарға іс-тәжірибе жөнінде бағыт-бағдар, этика, қауіпсіздік шаралары, мекеменің талап-тілектері мен ережелері туралы толық ақпарат берілді.

Конференцияға қатысқан ЖҚ-411, ЖҚ-412, ЖПҚ-411, ЖР-411 топ білімгерлері Талдықорған қаласы, «Жетісу» облыстық телеарнасы, «Жетісу» қоғамдық-саяси газеті, «Жетісу Медиа», «Өңірлік коммуникациялар қызметі», «Вестник Жетісу» қоғамдық-саяси газеті, Жетісу облыстық қоғамдық-саяси жастар «Жетісу университеті» газеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Медиаорталық оқу телестудиясы мен оқу радиостудиясы, сонымен қатар «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Коммуникациялар мен мониторинг орталығы» КММ және «Текелі тынысы» қоғамдық-саяси газетіне жолдама алды.