6В01601-Тарих білім беру бағдарламасының ТҚ 311-топ студенттерін өндірістік практикаға бағыттау конференциясы

Биылғы 2023-2024 оқу жылының 08.01-17.02. аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша ББ  6В01601-Тарих білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлері оқу жоспарына сәйкес қала және облыс мектептерінде практикадан өтеді. Өндірістік тәжірибенің бағыттау конференциясында студенттер өздеріне жүктелген міндеттермен танысып, ұйымдастыру жұмыстары туралы мағлұмат алды. Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламасының жетекшісі Н.Ашкеева және білім беру бағдарламасының оқытушылары білімгерлерге күнделікті кәсіби қызметіне қажетті білім, білік, дағдыларды кеңейтіп, жауапкершілікпен атқаруды кеңес берді және тыңғылықты орындауды тапсырды.