Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА БББ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫМЕН ӨТКІЗГЕН СЕМИНАРЫ

06.11.2023 ж. – 06.12.2023 ж. педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламаларының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), п.ғ.к. Абдыкеримова Эльмира Алтынбековна Zoom платформасында 6В01504–«Физика-Информатика» білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлеріне «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізді.  Сондай-ақ, Э.А.Абыкеримова «Педагогикалық информатика» БББ-ның профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта  «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: университеттің электрондық білім беру ортасында қолдану құралдары, функциялары, әдістері» атты семинар өткізді. Семинар барысында аталған тақырып аясында екі жоғарғы оқу орындарының оқытушылары арасында талқылаулар мен тәжірибе алмасулар өтті.