Ынтымақтастық пен коллаборацияда нәтижелі оқыту
15-19 қаңтар аралығында Дүниежүзілік банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде гибридтік оқыту форматында оқыту семинарлары өтті. Семинар Назарбаев Университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ және HAMK университетінің (Финляндия) өкілдерімен бірлесіп өткізілді. Ұлттық жаттықтырушылар А.Беделбаева мен Н.Жанатбекова университеттің 39 оқытушы-профессорлық құрамын оқытты. Болашақта аталған құрам алған білімдерін инновациялық 30 білім беру бағдарламаларын масштабтау процесінде пайдалана алады. Топтық және жеке жұмыстардың нәтижесінде университет оқытушылары конструктивті келісу, инклюзивтілік, болашақ мұғалімнің икемді, кәсіби және цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру принциптерін қамтитын инновациялық силлабустарды әзірледі. Сонымен қатар, нақты бағалау әдістерін таңдау кезінде бағалау критерийлері мен дескрипторлары анықталды. Семинар тыңдаушылардың икемді дағдыларын дамытуға және педагогикалық кадрларды даярлауда оқытудың жаңа тәсілдерін қайта қарастыруға оң әсерін тигізгеді.