Кездесу

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ «Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі» бойынша бітіруші түлектермен кездесу туралы есебі

Университет бітіруші түлектеріне «Қаржы орталығы» АҚ-ның аға маманы Серікқали Ақзира Серікқалиқызымен онлайн кездесуді өткізу кестесі келісілді және әлеуметтік желілерде (инстаграм, телеграмм, фейсбук) өткізу күні мен уақыты көрсетілген анонс салынды.

2024 жылғы 30-31 қаңтар аралығында ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның аға маманы Серікқали Ақзира Серікқалиқызымен педагогикалық және басқа мамандықтар, мемлекеттік білім грантында, ауылдық квота бойынша бітіруші түлектерге арналған «Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі» бойынша онлайн форматта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға бакалавриат — 227, магистратура — 82, докторантура бойынша — 11 түлек қатысты.

Іс-шара барысында «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабы 17-тармағының талаптарына, ҚР Үкіметінің 11.08.2023 ж. №403 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес ақпарат айтылып, «Қаржы орталығына» қандай құжаттар өткізілу керек екендігі және қандай жағдайда толық міндетті жұмыс өтемінен босатылатындығы туралы т.б. мәліметтер берілді.

Қатысқан бітіруші түлектер әр түрлі сұрақтарына толық жауап алды. Іс-шара қорытындысы бойынша университеттің басты сайтына және әлеуметтік желілерге (инстаграм, телеграмм, фейсбук) ақпарат жіберілді.